{metadescription}
Ақмола облысында 27 жастағы жігіттің өліміне қатысты дау шықты
Ақмола облысында 27 жастағы жігіттің өліміне қатысты дау шықты

Ақмола облысында 27 жастағы жігіттің өліміне қатысты дау шықты

Ақмола облысындағы Державинск кентінің 27 жастағы тұрғыны ескі ғимаратты бұзып жатқанда мерт болды. Ресми дерек бойынша, өзі құлаған. Ал марқұмның туыстары оны плита басып қалған деп, жігіттің өліміне коммуналдық кәсіпорынның басшыларын кінәлайды. Олардың айтуынша, слесарь болып істеген Тоқтар Ахметжановты сол жерге басшылары жұмсаған көрінеді. Бірақ олар мұны теріске шығарды.

Еліміз тәуелсіздік алғанға дейін КСРО әскерінің тұтас бір дивизиясы орналасқан қала үлгісіндегі кент бұл. Державинск деп аталуы да сондықтан. Әскер тарап, сарбаздар шығарылған 1992 жылдан бері қаңырап қалған. Қазір мұнда аса қауіпті қылмыскерлер жазасын өтейтін  түрме бар.

Ал оқыс оқиға бұрынғы әскери дивизияның мына ескі гаражын бұзып жатқанда болған. Тоқтар таңертең әдеттегідей жылу орталығындағы жұмысына кеткен. Кейін осы жерде қаза тапқаны айтылады. Туыстары оның бұл жаққа не үшін барғанын алғашқыда түсінбепті. Коммуналдық кәсіпорын жұмысшыларының мұнда ғимараттарды бұзғанын кейін естіген.

Бақыт Ахметжанова, марқұмның анасы:

-Плитаның астында қалған. Өйткені басынан бастап, кеудесіне дейін бәрі сынық деп жазулы тұр ғой. Қалай ол бір құлағанда. Басшылары жұмсап отыр. Жауап берсін! Менің балам қайтып келмейді, бірақ жауап берсін!

Сот-медициналық сараптама қорытындысына қарағанда, шынымен жігіттің дене мүшесінде сау жер жоқ. Бас сүйегі омырылып, желкесі үзіліп, екі жауырыны мен қабырғалары морт сынған. Сондықтан туыстары оның үстіне плита құлаған, енді жұмысшыны жұмсағандар жазалансын дейді. Ал кәсіпорын директоры бұл жағдайға қатысы жоқ екенін айтады.

Игорь Стрымбовский, «Коммунсервис»МКК директоры:

-Ол менен жұмыс аяқталуға жарты сағат қалғанда сұранып кетті. Хатшым куә. Өз жұмыстарым бар деді. Ол жерде менің техникам да,басқа жұмысшыларым да болған жоқ.

Жылқайдар Бейсенбаев, Ақмола облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының бөлім басшысы:

-Жұмыс беруші 24 сағат ішінде бізге хабарлама беру керек еді. Бірақ ол Еңбек кодексінің Заңын бұзып ондай хабарлама бізге берген жоқ. административный Кодекс бойынша жұмыс беруші жауапқа тартылады. Қазіргі уақытта комиссия тексеру жүргізіп жатыр.

Марқұмның әйелі кәсіпорын басшысына қатысты еңбек инспекциясына шағым жазған. Комиссия осыған байланысты тексеру жүргізіп жатыр. Ал полиция әзірге дерек бойынша қылмыстық іс қозғапты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде