{metadescription}
Көкшетауда Димаш Құдайбергеннің мүсіні пайда болды
Көкшетауда Димаш Құдайбергеннің мүсіні пайда болды

Көкшетауда Димаш Құдайбергеннің мүсіні пайда болды

Көкшетауда мұз қалашығында жас әнші Димаш Құдайбергеннің мүсіні пайда болды. Композиция авторы қазақтың мақтанышына айналған әншінің сахнадағы кейпін сомдаған.

Қолына микрофон ұстап, әнді беріле орындап тұрған өнер иесін суретші 5 жұлдызды мұз тұғырға орнатқан. Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы болсын деген ниет еді,- дейді көкшетаулық мүсінші Манарбек Бұрмағанов. Бұл композиция әншінің Ресейде орындаған «Шаршаған аққулардың сезімі» әнін тыңдағаннан кейін пайда болғанын айтады. Мұздан қашалған мүсін әсіресе, түнде түрлі-түсті жарықтармен безендірілген сәтте мазмұнды көрінеді. Өз еңбегін тегін ұсынған мүсіншінің жерлестерім жаңа жылды Димашпен қарсы алса деген идея туғанын айтады.

Манарбек Бұрмағанов, суретші: 

-Мынау Димашжанның мүсіні ледовая композиция. Жуырда Москвада концертінде көрдім аққулардың алдында өлең айтып тұрғандығын. Сол келбеті маған өте ұнап. Соны бала шаға да біле берсін, табиғатты да сыйласын осындай бір әдемі бір сыйлық болсын деп.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде