Тіркеуден онлайн шығуға болады
Пәтеріңізде тіркеуде тұрған азаматтарды одан шығару үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барудың қажеті жоқ. Енді баспана иесі бұл қызметке үйден шықпай-ақ онлайн түрде қол жеткізе алады.
Автор: Досжан Маратұлы
24.12.2018
Ол үшін уақытша немесе тұрақты тіркеуден шыққысы келетін адамның жеке куәлігі болса жеткілікті. Пәтер иесі e-gov сайты арқылы өтініш жолдап, оны үй тұрғындарының тізімінен алып тастай алады. Бұған дейін тіркеуден шығу үшін міндетті түрде халыққа қызмет көрсету орталықтарына бару керек еді. Сөйтіп, қағазбастылықты азайтып жатқан орталықтар жаңа жылдан бастап тағы бірнеше қызметті онлайнға көшіреміз деп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
01 ақпан
31 қаңтар
Серіктестер жаңалықтары