Таразда зейнеткерлерді алдаған әйел гипноз қолданған болуы мүмкін
Таразда зейнеткерлердің есебінен күн көретін әйел ұсталды. Ол соңғы рет зейнеткердің 8 мың доллары мен 120 мың теңгесін үптеп кеткен. Күдікті құрбандарын құрыққа қалай түсіреді, ол гипноз қолдана ма, қазір осы жағы анықталуда.
Автор: Руслан Әбдіхалық
24.12.2018
39 жастағы әйел 68-дегі зейнеткермен көшеде жолығып, оның іші-бауырына кірген. Сөйтіп ол, қарт кісінің ақшасы барын біліп, алдын ала теңгесін берсең, дүкеннен 30 пайыз жеңілдікпен тұрмыстық техниканы алуға болады деп үгіттеген. Тіпті лотереяға қатыссаң, толық сомманы қайтарып аласың деп сендірді. Осы жалған сөзге илана қалған аңқау зейнеткер банкоматтағы 120 теңгесі мен депозиттен 8 мың долларын шешіп бере салған. Ал одан кейін уәде берген адамы ұшты-күйлі жоғалған. Түк түсінбей қалған кейуананың шағымынан соң іздеуге кіріскен полицейлер, күдіктіні көрші облыста қолға түсірді. Қазір оның сыбайластары бар жоғы анықталып жатыр.
Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспассөз хатшысы:
-Күдікті Шымкент қаласының мөлтекаудандарының бірінде ұсталған. Ол өзінің кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда ол Тараз қаласына жеткізіліп, осыған осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!