{metadescription}
Жылжымайтын мүлкін заңдастырып үлгермегендерге айыппұл салына ма?
Жылжымайтын мүлкін заңдастырып үлгермегендерге айыппұл салына ма?

Жылжымайтын мүлкін заңдастырып үлгермегендерге айыппұл салына ма?

Жылжымайтын мүлкін өз атына тіркеп үлгермегендерге айыппұл салынбайды. Әділет министрі Марат Бекетаевтың айтуынша, мүлкін уақытылы тіркеп үлгермегендер әлі де көп. Ал оларға қатысты шетінен әкімшілік іс қозғалып жатыр.

Марат Бекетаев, Әділет министрі:

- Соңғы жылдары осы құрам бойынша аздаған әкімшілік іс қозғалғандығы байқалады. Осыған орай, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мерзімін өткізіп алғандығы үшін әкімшілік жауаптылықты алып тастау туралы мәселені қарау ұсынылады.

Заңдағы бұл талап 2007 жылы енгізілген болатын. Сол арқылы жұртты өз мүліктерін заңдастырып алуға мәжбүрлі түрде көндіру көзделген еді. Кезінде өздері енгізген заңды министрлік енді қайтадан алып тастағысы келеді. Өйткені, осы күнге дейін жылжымайтын мүлікті жекешелендіріп алу жөнінде екі науқан өтті. Соған қарамастан үй-жайын өз атына уақытылы тіркеп үлгермегендер жетіп артылады. Оларға қатысты әкімшілік істер қозғалып, айыппұл төлейтіндер қатары көбейген. Ал мүлікті атына тіркету үшін жұрт бұрынғыдай айлап жүрмейді. Ол үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарында арнайы терезе ашылып, құжат айналымын жеделдетеміз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде