Ішінде науқасы бар жедел жәрдемді тоқтатқан полицей жұрттың ашуын келтірді
Атырау облысында қалаға науқас алып келе жатқан жедел жәрдем көлігін тоқтатқан жол полицейлерінің...
Автор: Жанар Низамутдинова
24.12.2018
strong>іс-әрекеті жұрттың наразылығын тудырды.
Оқиға Атырау-Құлсары-Бейнеу тас жолының бойында болған. Қысқа ғана бейнетүсірілімнен ішінде сырқат адамы бар медициналық көлікті жол сақшыларының тоқтатып тұрғандығын және аз уақыттан соң жүргізушінің полицейлердің автокөлігінен шыққанын көруге болады. Көп адамның түсініспеушілігін тудырған бұл роликке қатысты қазір қызметтік тексеріс басталыпты.
Назымгүл Қайсағалиева, Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Оның нәтижесі сіздерге қосымша хабарланатын болады. Бұл жерде айта кететін ең басты нәрсе - мұндай жағдайлардың барлығы жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жол қозғалысына қатысушы барлық адамдардың қауіпсіздігі үшін жасалатын нәрсе. Видеодан көрініп тұрғандай, сұхбат бар болғаны бірнеше секунд жүргізілген, одан кейін жүргізуші жіберілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!