{metadescription}
Қаңтарда тұмау өршиді
Қаңтарда тұмау өршиді

Қаңтарда тұмау өршиді

Қазақстанда тұмау қаңтарда өршиді. Еліміздің бас санитар дәрігері  жұқпалы вирус жаңа жылдан кейін белең алады деп болжап отыр. Жандарбек Бекшиннің айтуынша, қаңтарда жұрт шетелге көп шығады.  Өздерімен бірге вирус ала келуі мүмкін. Бекшин туристік елдерде тұмаудан да қауіпті инфекцияның ушығып тұрғанын  ескертті.

Жандарбек Бекшин, ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау  комитетінің төрағасы:

-Эбола аурулары ол Оңтүстік  Америка  елдерінде тіркеліп жатыр. Бразилия, Венесуэла, Гаити. Осындай ауруларға мән беру керек. Неге десеңіз, біздің саяхатшылардың сол континентке де қолы жетіп жатыр. Денге дейміз. Қазір Филипиныда 70 мың жағдай тіркелді, Таиландта 60 мың астам жағдай тіркелді. Өкінішке орай, осы екі елде  130 жағдай өлім-жітіммен аяқталды.

Дәрігер отандастарымызды  Америка, Үндістан мен Сауд Арабиясына барғанда да аса сақ болуға шақырды. Сондай-ақ, Бекшин жаңа жылдық кеште дастарханға қойылатын асты аса талғаммен дайындауға кеңес берді. Тәтті, майлы,  тұзды, ащы тағамды тұтынбаған жөн. Оның орнына көкөніс, жеміс-жидек, сусындар мен  тауық, балық, асылған ет жеген дұрыс екен. Ал  Мерекелік мәзірден қалған тамақты қимай, таусылғанша жеуді де тоқтау керек дейді.

Жандарбек Бекшин, ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау  комитетінің төрағасы:

- Артылған тамақты бірден тастау керек. Біз оны обалсынамыз да келесі күні  жеп, уланып жатамыз. Жылда қаңтарда астан уланғандардың тең жартысы сол қалдық тамақты тұтынғандар. Тоңазтқышта салатты бір тәуліктен көп,  ал майонезге қосылғанын 6 сағаттан артық сақтауға болмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде