{metadescription}
Атырауда лифт шахтасына құлаған қыздың денсаулығы туралы дәрігерлер айтып берді
Атырауда лифт шахтасына құлаған қыздың денсаулығы туралы дәрігерлер айтып берді

Атырауда лифт шахтасына құлаған қыздың денсаулығы туралы дәрігерлер айтып берді

Өздері кінәлі! Атыраудағы көпқабатты үйдегі жеделсатының шахтасына құлап кеткен тұрғынға қатысты әкімдік осылай...

strong>деді. Олардың ақпаратынша, 4-ші мен 5-қабат арасында тоқтаған жеделсаты ішінде 4 адам болған. Ал тезірек сыртқа шығуға ұмтылған бойжеткен есікті өз бетінше ашпаққа тырысыпты. Сөйтіп, арада пайда болған саңылаудан өтпек болғанда төменге құлдилаған. Іле-шала оны құтқармаққа ұмтылған қасындағы жігіт те шахтаға түсіпті.

Қайрат Хабиев, Атырау қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:

- Содан кейін ғана арнайы мекемелерге телефон шалған олар, яғни чс-ке, лифтовое хозяйствоға, сосын медициналық мекемелерге. Негізі маманның айтуы бойынша, есікке зақым келген. Нарушение есіктен деп көрсетіліп тұр. Осы тұрғындардың жауапкершілігінің төмендігінен бе, қауіпсіздік ережелерін сақтамауларына байланысты осындай жағдай орын алып отыр.

Бұл жыл басынан бері Атырауда лифтіде болған үшінші қайғылы жағдай. Мамыр айында ойнап жүріп, 15-қабаттан құлап, екі жасөспірім қаза тапқан еді. Ал, қыркүйекте анасы мен баласы мінген жеделсатының тросы үшінші қабат тұсында үзіліп кеткен болатын. Әйтеуір екеуі де жеңіл жарақатпен құтылған-ды. Ал, бұл жолы қаладағы Авангард-2 ықшам ауданындағы мына тұрғын үйде болған оқыс жағдайдан зардап шеккен азаматша қазір Атырау облыстық ауруханасының нейротравтомотолгия бөлімінде ем алып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, ауыр жағдайда түскенмен, қазір беті бері қарапты.

Ербол Иманғалиев, Атырау облыстық ауруханасының нейротравматология бөлімшесінің меңгерушісі:

-Кеудесіне зақым алған, иық сүйегі сынған, қабырғалары сынған. Қазір бөлімшеде тиісті емдерін қабылдауда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде