{metadescription}
Алматыда тележүргізушінің бұрынғы әйелін пышақтап өлтірген келіншек сотталды
Алматыда тележүргізушінің бұрынғы әйелін пышақтап өлтірген келіншек сотталды

Алматыда тележүргізушінің бұрынғы әйелін пышақтап өлтірген келіншек сотталды

Алматыда танымал тележүргізуші Рахман Омаровтың бұрынғы әйелі Гүлдерайым Омарованың жантүршігерлік өліміне қатысты атышулы cот аяқталды. Небәрі 90 мың теңге пәтерақы үшін марқұмды 8 мәрте пышақтаған әйелге сот 15 жыл кесті. Десе де, бұған дейінгі процестерде селк етпеген сотталушы үкім кезінде де аса қайғыра қойған жоқ.

Сотта сөйлеген соңғы сөзінде де Сүлейменова өз-өзін ақтап бақты. 8 мәрте пышақ сұққанына қарамастан, «байқаусызда өлтірдім» деп о баста айтқанынан жаңылмады. Тіпті, ұрысты бастаған Омарованың өзі деп бар кінәні марқұмға жаппақ болды. Алайда, одан түк шықпасын сезінді ме, артынша іле-шала туыстарынан кешірім сұрады.

Ақтолқын Сүлейменова, сотталушы:

-Я приношу свои искренние извенение семье Омаровой Гульдарай. Ее родственникам. Прошу вас, простите меня. У меня не было умысла.

Осылайша, өкінетіндей сыңай танытты. Десе де, 3 баланың анасын асқан жауыздықпен өлтірген оны сот кінәлі деп тапты.  

Бақытхан Бәкірбаев, судья:

-Сотталушы Ақтолқын Сүлейменова кінәлі деп табылып, 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылсын. Жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтесін. Сотталушы сот залынан қамаққа алынсын!

Сүлейменова марқұмның жақындарының жанына салған жарасы үшін 4 миллион теңге төлейтін болды. Одан бөлек, сот шығындары үшін мемлекет пайдасына 2 миллион теңге қарыз деп шешілді. Алайда, соттың бұл үкімі қылмыскердің жанына батпаған да сыңайлы.       

Қыздарай Бейсенқұлова, марқұмның әпкесі:

-Өзін самоуверенно сондай ештеңеден қорқпайтындай. Огрызаться етіп, сөйтіп отырды осы сот процесінде. Беттен қайтара алмай, сөйтіп қорықпайды ештеңеден. Басын көтеріп отырды. Сожаление болған жоқ. неужели адамның өмірі шыбынмен бірдей боп тұрғаны ма? Орны ешқашан толмайды. Толмайды... Үш баласын өсіруіміз керек енді. Соны өсіреміз.

Түркістан облысының тумасы сот залынан басын тік көтеріп шықты. Айта кетейік, жантүршігерлік қылмысқа барған оның соңынан үкімге де ешкім іздеп келген жоқ. Десе де, туыстарының адвокатқа 400 мың теңге төлегені белгілі. Ал марқұмның болса артында 3 бала қалды. Кішісі - небәрі 8 жаста.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде