{metadescription}
Ақтөбеде арбаға таңылған азаматтар билікке өкпесін айтты
Ақтөбеде арбаға таңылған азаматтар билікке өкпесін айтты

Ақтөбеде арбаға таңылған азаматтар билікке өкпесін айтты

«Эвересттен кем емес!» Ақтауда түрлі мекемелерге еркін кіріп-шыға алмай жүрген мүгедек жандар, осылай деп реніш білдірді. Өйткені, олар қоғамдық орындар мен әкімдікте кездесетін түрлі кедергілерден әбден шаршаған. Тіпті өздері үшін арнайы ашылған оңтайландыру орталығына да кіріп-шығу мұңға айналыпты.

Мүмкіндігі шектеулі жандар бұл орталықтың ашылуын сарсылып, сан жыл күткен. Армандары өткен жылы ғана орындалды. Бірақ, мұнда ем іздеп келгендер, есіктен еңбектеп кіруге мәжбүр.Өйткені, арбалыларға лайықталған жабдықтар атымен жоқ мұнда.

Жазира Ақбердиева, Ақтау қаласының тұрғыны:

- Облыс әкіміне де айтып жүрміз, кірдік те. Бірақ, еш өзгеріссіз. Жылдар өтіп жатыр. Біздің де өміріміз өтіп жатыр осы арбада. Біз де сау адамдар сияқты жүріп-тұрғымыз келеді. Бірақ, ол мүмкін емес.

Мүгедектерге мұң болған мұндай нысандар қалада жетіп артылады. Емханалар мен ауруханаларда, тіпті мүгедектер жиі барғыштайтын әлеуметтік қорғау басқармасында да пандус бар деген аты ғана. Стандартқа сай емес.

Алтынашар Қалубаева, Ақтау қаласының тұрғыны:

- Қарапайым пандус салса да, оның кафельденген емес беті, көтере алмайсың, түсе алмайсың, сол жағы да қиын.

Жауаптыларға сенсек, ғимараттар ертеректе салынғандықтан, қазір оларды пандуспен жабдықтау мүмкін емес. Бірақ, соңғы уақыттары салынып жатқан ғимараттарда бұл жағы қарастырылған. Одан өзге мүгедектер үшін 2019-2023 жылдарға арналған ұлттық жоспар да жасалыпты. Сол бойынша жұмыс жүргіземіз дейді.

Қарашаш Нұрмәмедова, Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік  бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

- 1534 обьектіге бізде паспорт жасалды. Қай жерде қай обьект мүгедекке қол жетімді немесе қол жетімсіз.Соның 96 пайызы қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатындағы бейімдеу жұмыстары жүргізілді.

Мүгедектердің наразылығын тудырған оңтайландыру орталығына келсек, оны шенеуніктер алдағы уақытта басқа ғимаратқа көшірмек. Оған дейін тағдыр теперішін көргендердің, табалдырық тауқыметін де тарта тұруларына тура келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.