{metadescription}
Қатерлі ісікке шалдыққан әйел көмек сұрады
Қатерлі ісікке шалдыққан әйел көмек сұрады

Қатерлі ісікке шалдыққан әйел көмек сұрады

Алматыда Мария Сеитоваға дәрігерлер меланома диагнозын қойған. Ал онымен күресуге 3 бала өсіріп отырған ананың қаржылық жағдайы жетпей тұр.

Қатерлі дертпен ауыратынын Мария қарашада бір-ақ білген. Ал оған дейін сырқаты сыр білдірмепті. Терісіне шыққан күдікті қалды тексерген дәрігерлер аты жаман диагнозды растаған. 41 жастағы әйел енді қайтерін білмей отыр. Өйткені, екі аптада бір рет міндетті түрде ем қабылдау керек екен. Кері жағдайда, өміріне қауіп төнбек. Ал қатерлі ісікті емдейтін препараттың бағасы удай. Бір процедурасының өзі  2 миллион теңге. Ал оны кем дегенде бір жыл үзбеу керек. Туыстарының жинап бергені 1 миллион теңгеге әзер жеткен. Ал отбасының өзінде ондай қаражат жоқ. Жалғыз мардымды мүлкі баспанасының өзі банкте кепілдікте тұр. 3 бала тәрбиелеп отырған әйел қайырымды жандардан өтініп көмек сұрайды. 

Мария Сеитова:

-Үйді ипотекаға алғанбыз. Сондықтан, оны тез арада сату мүмкін болмай тұр. Сол себепті, қайырымды жандардан көмек сұраймын. Өтінемін, балаларым үшін көмектесіңіздерші.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде