{metadescription}
Атырауда балықтар хлордан қырылуы мүмкін
Атырауда балықтар хлордан қырылуы мүмкін

Атырауда балықтар хлордан қырылуы мүмкін

Атырауда бекіре балығын өсірумен айналысатын зауыттағы құнды балықтар қырылып қалды. Қолда бар мәліметке қарағанда, олардың саны 30 мыңға жуықтайды. Зауыт қызметкерлерінің тоғандарды сүзуден қолдары босар емес. Өйткені, өліп қалған қымбат балықтардың кейбірі су бетінде қалқып жүрсе, өзгелері тоған астында жатыр. Яғни, шығын көлемі әлі де өсе түсуі әбден мүмкін. 

Әзірше сүзіп алынған 2000-ға жуық қызыл балықтың небары 50 шақтысы ғана тірі шыққан. Олардың да аман қалуы екіталай, - деп отыр мамандар. Зауыттағы 200-ге жуықтайтын мына тоғандардың ішінде осы уақытқа дейін жалпы салмағы 100 тоннадан астам бекіре болыпты. Мұндағы балықтың ұзын саны 30 мыңнан асып жығылады. Бұл шамамен 300 миллион теңге деген сөз. Зауыт биыл жалпы салмағы 50 келі болатын қара уылдырықтың алғашқы партиясын шығарған еді. Ал, алдағы көктемде 600 аналықтан жарты тонна уылдырық алуды жоспарлап қойған екен. Бірақ, бұл мақсат енді орындалмайтын секілді. Мамандарға сенсек, балықтар хлордан улануы мүмкін. Айта кетейік, соңғы апталарда қырылған балықтардың жалпы салмағы 10 тоннаға жуықтаған.

Әміржан Шауданов, бекіре балығын өсіру зауытының басшысы:

-Меніңше, балықтар бірдеңеден уланған. Судан алынған сынама хлоридтың шамадан тыс көбейгенін көрсетіп отыр. Яғни, балық шаруашылығы үшін хлоридтің рұқсат етілген мөлшері 300 бірлік көлемінде болса, қолымызға берілген анықтамада 557 бірлік деп көрсетілген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде