Ақтөбеде екі бүлдіршін көк түтінге тұншығып өлді
Ақтөбеде көп қабатты үйде екі бүлдіршін көк түтінге тұншығып өлді. Шетінеген балалардың бірі алты жаста, екіншісі үш жасар екен.
Автор: Жаңалық Ахаш
25.12.2018
Қазір оқиға болған он қабатты үйде тәртіп сақшылары мен құтқару қызметінің өкілдері толып жүр. Осындағы пәтерлердің бірінде от тұтанып, бықсыған. Есікті бұзып ашып кіргенде ас үйде ыс тиген екі баланың денесі табылды. Ал көк түтіннен сондағы 95 тұрғын сыртқа шығарылды. Оттың неден тұтанғаны белгісіз. Ал балалар үйде жалғыз болған. Анасы пәтер есігін жауып, дүкенге шығып кеткен көрінеді.
Бағлан Құрманалин, Ақтөбе қалалық полиция басқармасының басшысы:
-Ата-анасының кім екенін қазір анықтап жатырмыз. Балалар өрт шыққанда үйде жалғыз өздері болған. Екеуі де шетінеп кетті. Қызметкерлеріміз қазір осы оқиғаны тексеріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!