{metadescription}
Семейде ұн мен қанттың құны рекордтық деңгейге жетті
Семейде ұн мен қанттың құны рекордтық деңгейге жетті

Семейде ұн мен қанттың құны рекордтық деңгейге жетті

Астана ғана емес, аймақтарда да азық-түлік құны аспандап барады. Мәселен, Семейде жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасы бірнеше есеге қымбаттаған.  Әсіресе аса қажетті – ұн  мен қанттың құны рекордтық деңгейге жеткен.

Мәселен, қанттың келісі 300, күріш 290 теңгеге жеткен. Жұмыртқаның бір данасы 32 теңгеден саудаланып жатыр. Ал, көтерме базарларда  45-50 теңгеден сатылған сәбіз бен орамжапырақ екі есе өскен. Тұздың өзі алпыс пайызға көтерілді. Ал, сатушылар алушыларды үркітпес үшін бағаларын жазуды қойған. Енді премьердің пәрменінен кейін, жергілікті кәсіпкерлік бөлімінің мамандары сауда орындарын аралап, қымбатшылықты қолдан жасағандарды жазаламақ. Ескертуге құлақ аспағандарды әкімшілік жазаға тартамыз дейді.

Қайрат Оразбаев, облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы:

- Ұнның бағасы арзан болуы керек. Өйткені, олар 76 теңгеден алады ғой. Үстіне, 10-20 теңге қосып 90 теңгеден сатсада жетеді. Енді, 102 теңгеден сату сұмдық қой.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде