{metadescription}
«Елки» фильмінің  7-шісі жарыққа шықты
«Елки» фильмінің  7-шісі жарыққа шықты

«Елки» фильмінің  7-шісі жарыққа шықты

Танымал режиссер Тимур Бекмамбетов жаңа жыл қарсаңында көрерменге жол тартатын картинасын биыл соңғы рет түсірген. «Елки 7: Последние» туындысы ертеңнен бастап еліміздегі барлық кинотеатрларда көрсетіледі.

Бұл комедия көрерменнің көзайымына айналғалы қашан. Тіпті, бүгінде жұрт оның атауын естіп-ақ езуіне күлкі үйірледі. Туындының биылғы сюжеті күлкілі әрі көңілді босататын сәттері де бар. Оқиға желісі бойынша, құдай қосқан көршілер Иван Ургант мен Сергей Светлаков қоныс аударып бір-бірінен алыстап қалады. Ал, бұрынғы ақшақар қарапайым кейіпкерге айналады.

Тимур Бекмамбетов, режиссер:

-Фильм аяқталса да, көрерменнің оған деген ыстық ықыласы таусылмайды. Жаңа жыл алдындағы қарбалас, достық, махаббат, отбасылық құндылықтар қамтылған.

Киноны алғаш боп қызықтауға келгендердің қатары аз болмады. Олардың бәрі де фильмнің осыған дейінгі бөлімдерінің бірін жібермей көрген екен.

Айжан Өмірзақ:

-Кино тамаша. Тәрбиелік мәні бар. Жақсы әсер алдық.

«Елки» фильмдерінің кинотеатрлардағы жалпы табысы 130 млн доллар. Енді осы жолы бұл көркем фильм ретінде соңғы рет шықты. Себебі келесі жылдан бастап көрермен көзайымына айналған комедияны Тимур Бекмамбетов сериал қылып ұсынбақ. Қызықты оқиғаға толы туындыны ертеңнен бастап еліміздегі барлық кинотеатрларынан көре аласыздар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.