{metadescription}
Нұрлан Қоянбаевтың фильмі көрерменге жол тартты
Нұрлан Қоянбаевтың фильмі көрерменге жол тартты

Нұрлан Қоянбаевтың фильмі көрерменге жол тартты

«Бизнес по-қазақски в Африке» фильмі көрермендерге жол тартты. Дубайдан бастау алып, Кенияда жалғасқан комедия қызыққа толы. Фильмнің продюсері Нұрлан Қоянбаев қара құрлықтағы шытырман оқиғалар халыққа жайдары көңіл-күй сыйлай отырып ой салатынына сенімді. Ағайындар арасындағы ауызбіршілікті насихаттайтын кинотуындыны ертеңнен бастап барлық кинотеатрлардан көре аласыздар.

Фильм алғақшы кадрынан-ақ күлкіге қарық қылып, кез келген адамды баурап алады. Басты рөлдегі кәсіпкер Жомарт жары Айсұлумен тойдан кейінгі саяхатқа аттанады. Алайда, қос ғашықпен Дубай қаласына туыстары да ілесе келген. Оқиға желісі әдеттегі ағайындар арасындағы жарасымды әзіл-қалжыңмен өрбиді.

Нұрлан Қоянбаев, продюсер:

-АҚШ көбісіне ұнады деп естідім. Сондықтан киноны жалғастырамыз деп шештік. Африканың көпшілігіне ұнайтын ерекшелігі табиғат көп, жануарлардың арасында түсірдік. Шынайы локациялар, қала ішінде емес, табиғат аясында. Ең басты мақсатымыз  көрермендерге ұнау.

Расыменде, қызықтың көкесі актерлердің менталитеті бөлек, жабайы жануарлары көп Африкаға тап болғанда басталады. Шәй бизнесін дөңгелетуді көздеген қазақтар кениялықтардың әдет-ғұрпымен танысып, джунглидегі түрлі қиындықтарды бастан өткереді.

Рамазан Амантай, актер:

-Фильм қазақтар Африкада қалай жүретінін көрсетеді. Қазақстан қаншалықты дамығанын көрсетеді. Сосын африкалықтармен,кениялықтармен ұқсастығымызды көрсетеді.

Фильмнен кейін әрбір көрермен өзінің туысына деген көзқарасын өзгертетіні анық. Ендеше қызыққа толы отандық комедияны барлық кинотеатрлардан көріңіздер. Көңіл көтеріп, күлкіге қарық болыңыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде