{metadescription}
Петропавлдық полицейлер қаланы қаңғыбастардан тазартуға кірісті
Петропавлдық полицейлер қаланы қаңғыбастардан тазартуға кірісті

Петропавлдық полицейлер қаланы қаңғыбастардан тазартуға кірісті

Тәртіп сақшыларының оларға жаны ашып, 40 градус аязда үсіп өлмесін деп әбігерге түсуде.

Әншейінде белігілі мекен-тұрағы жоқ жандарды қабылдайтын орталықтан жиі қашатын қаңғыбастар аязды күндері бұл жерден кетуге асықпайды. Жылу құбырларында күнелтіп жүрген осындай 55 адам бір түнде орталыққа жеткізілген. Оларды медицина қызметкерлері жіті тексерістен өткізіп, еріктілер ас-сумен қамтамасыз етуде. Айта кетейік, Қызылжар өңірінде қатты аяздың беті бірнеше күннен бері қайтар емес. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ, - дейді дәрігерлер. Ал, орталық мамандарының айтуына қарағанда, күн сәл жылынса болғаны, қаңғыбастар бұл жерден қараларын батырады екен. Тіпті, жазда мұнда адамның болмауы себепті мекеме уақытша жабылуға мәжбүр.

Наталья Малышева:

- Әйтеуір түнейтін жер табылғанына қуанып отырмын. Біз үсіп қалмасын деп жағдайымызды жасап жатыр, тіпті әжетханаға да уақытымен апарады, өзіміз бірдеңе бүлдірмесек, негізі мұнда жақсы қарайды бізге.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде