Қауіпті азықты қалай ажыратамыз?
Алматыда мереке қарсаңында тексерісті күшейткен мамандар жайма базарда азық-түлік сатып алмауға шақырды. Себебі, тамақтан уланғандардың 70 пайызға жуығы осындай орындардан азық-түлік алатындар дейді мамандар.
Автор: Мақсат Мәлік
26.12.2018
Айзат Молдағасимова, Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы:
-Халық әлі күнге дейін жабайы базардан азық-түлік сатып алады. Сонымен қатар, үйде тамақ әзірлегенде қарапайым гигиеналық тазалықты сақтамайды. Биыл Алматыда салмонеллез ауруының зардабын тартқандардың саны 37 пайызға өскен.
Жаңа жыл алдында атқа қонған мамандар мерекелік дастарханның сәнін келтіретін кондитерлік, аспаздық, ет және балық өнімдерін, көкөніс пен жеміс-жидекті жіті тексеруге көшкен. Өкініштісі, базардан алынған 171 сынаманың 37 пайызы талапқа сай болмай шыққан. Жарамсыз азық-түлік сатқандарға 300 мың теңгеден астам айыппұл салыныпты. Сондай-ақ, тексерушілер жаңа жылда ойыншықтарды сыйлыққа ұсынбау қажеттігін айтады. Өйткені, зерттеу нәтижесі бойынша сынамаға түскен ойыншықтардың 74 пайызында техникалық регламент сақталмаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!