{metadescription}
Ақтөбеде қос бүлдіршін өлген пәтердегі өрттің неден шыққаны белгілі болды
Ақтөбеде қос бүлдіршін өлген пәтердегі өрттің неден шыққаны белгілі болды

Ақтөбеде қос бүлдіршін өлген пәтердегі өрттің неден шыққаны белгілі болды

Тергеушілер газ пешінің қосулы қалғанын айтады. Соның кесерінен от тұтанып, 3 және 6 жастағы қыз бала ыстан уланған.

Қайғылы оқиға болған пәтерді тәртіп сақшылары мөрлеп тастаған. Кешелі бері мұнда ешкім кірмепті. Көршілері де шошынып қалған. Әйтсе де қос бөбек үйде жалғыз отырған кезде әке-шешесінің қайда болғанын ешкім дөп басып айта алмайды. Бірі сол кезде анасы балаларды құлыптап, дүкенге шығып кеттті деп отыр. Әйтсе де бүлдіршіндердің өлі денесі ас үйден табылған. Газ плитасының пеші ашық тұрыпты. Содан от тұтатынып, бықсыған. Соңы балалардың өліміне әкелді дейді тәртіп сақшылары.

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

-Өрт ас үйден шыққан. Қосулы тұрған газ плитасынан от тұтаныпты. Сондықтан тұрғындар абай болып, жылу пештері мен газ плиталарын қараусыз, қосып кетпесін деп өтінеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде