{metadescription}
Қазақстанға шетелдерден келетін еттен қауіпті ауру анықталды
Қазақстанға шетелдерден келетін еттен қауіпті ауру анықталды

Қазақстанға шетелдерден келетін еттен қауіпті ауру анықталды

Санитарлық дәрігерлер еліміздің бірқатар өңірінде емін-еркін сатылып жатқан импорттық өнімдерден сальмонелла мен ішек таяқшасын тапқан.

Тексеру кезінде Солтүстік Қазақстан облысында  дүкендерде тұрған шұжықтан шамадан тыс натрий нитритін анықтапты. Ал Қостанай,  Ақмола, Жамбыл  облыстарында тауық етінен сальмонелла мен ішек таяқшасы  шыққан.  Қауіпті ет өнімдері бізге Беларусь пен Ресейден келеді екен. Импорттық азық-түлікті жеткізушілер  техникалық талап түгілі, тазалықты сақтамаған. Дәрігерлер Ресейдің «Восходящая звезда», «Омский бекон», «Сибирские колбасы», «Стародворские колбасы» компанияларының өнімдерін сатып аларда сақ болуды ескертеді. Қазір мамандар қауіпті азық-түлікті сауда сөрелерінен алып тастадық деп отыр. Кәсіпкерлер  әкімшілік жазаға тартылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде