{metadescription}
Бейбіт Атамқұлов Сыртқы істер министрі болып тағайындалды
Бейбіт Атамқұлов Сыртқы істер министрі болып тағайындалды

Бейбіт Атамқұлов Сыртқы істер министрі болып тағайындалды

Есілдің сол жағалауында ірі ауыс-түйіс! Бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаев күтпеген жерден екі бірдей министрді жұмыстан босатты.

Алдымен орынтағын босатқан  - Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі. Бірақ ұзақ уақыт  жұмыссыз қалмаған Бейбіт Атамқұлов Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Енді су жаңа дипломат экспортты арттырып, елге инвестиция тартумен айналысуы тиіс. Өйткені, бұған дейін бұл шаруамен айналысқан Инвестициялар және даму министрлігі қайта жасақталып, Индустрия және инфрақұрылымдық даму  министрлігі болып өзгерді. Ескі де жаңа министрлікті Жеңіс Қасымбек басқара бермек. Ал, Атамқұловтың орнына Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып Асқар Жұмағалиев тағайындалды. Оның үстіне 46 жастағы шенеунік премер-министрдің орынбасары қызметін де қоса атқарады. Ал енді бұрынғы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың қандай қызметке жайғасатыны әзірге белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде