{metadescription}
«Құдалар»: Отандық комедия үлкен экранға шықты
«Құдалар»: Отандық комедия үлкен экранға шықты

«Құдалар»: Отандық комедия үлкен экранға шықты

Жаңа жыл алдында кино сүйер қауымға көркем сыйлық! Елімізде бүгіннен бастап, тағы бір отандық комедия көрерменге жол тартады. Танымал режиссер әрі юморист Нұртас Адамбайдың «Құдалар» атты туындысы Шымкенттік жігіт пен Алматылық арудың махаббатын және бірден тіл табыса алмаған жаңа құдалардың арасындағы кикілжіңдерді көрсетеді.

Кино әлемінде көпшілікке «Келінка Сәбина» образымен кеңінен танылған Нұртас Адамбай, бұл жобада Жаннэт есімді әйелді сомдайды. Ол жалғыз қызын министрдің ұлына тұрмысқа беремін деп жүргенде, бойжеткен өзінің қалауындағы жігітті табады. Күйеу жігіттің ата-анасы қазақы салт-дәстүрді берік ұстанған жандар болса, қалыңдық жақ - қалалық адамдар болады. Фильмнің режиссеры, продюсері әрі сценаристі Нұртас Адамбайдың өзі.

Нұртас Адамбай, режиссер:

-Комедияның идеясы бұдан біраз уақыт пайда болды. Сценарийін жазып қойып жүре бердім. Кейін түсіруге бел буып жұмысты бастап кеттік. Ал түсірілім жұмысына небәрі 20 күн кетті.

Отбасылық комедияда Райхан Қалиолдина, Дархан Дайырбек, Динара Бақтыбаева және Олжас Рымбаев сынды актерлер ойнайды. Олар көрерменнің көңілінен шығу үшін туындыда барын салыпты.

Райхан Қалиолдина, актриса:

-Мен Нұртас Адамбайдың басқа да киноларында кішігірім рөлдер ойнағанмын. Көптен бері таныспыз  десек те болады. Ол кісі мені таниды. Осы киноға кастинг арқылы шақырылдым.

«Құдалар» комедиясы Нұртастың жетінші толықметражды жобасы. Алдыңғы картиналары: «Сәбина келін», «Сәбина келін 2», «Ауылдан қашу: «Махаббат» операциясы» сынды туындылар болатын.  Ал бұл жолғы картинасы бүгіннен бастап үлкен экранға жол тартты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде