{metadescription}
Алматыда мектепті салған құрылысшылар жаңа жылды ақшасыз қарсы алмақ
Алматыда мектепті салған құрылысшылар жаңа жылды ақшасыз қарсы алмақ

Алматыда мектепті салған құрылысшылар жаңа жылды ақшасыз қарсы алмақ

Өйткені олар үш айдан бері жалақыларын ала алмай жүр. Ал компанияның құрылысшыларына берешегі 20 миллион теңгеден асып кеткен. Ашынған азаматтар мердігер мекемеге жағдайды айтып талай рет барыпты. Алайда нәтиже жоқ.

Бұл жұмысшылар Алатау ауданындағы №201 мектепті салған. Білім ошағы келесі жылдың басында пайдалануға берілуі тиіс екен. Мекемені 100-ге тарта жұмысшы яғни төрт бригада тұрғызыпты. 

-Наурыз айынан бері мектептің кірпішін қалап, қабырғаларын сылап, еденіне дейін жөндегенін айтқан жұмысшылар жаңа жылды да жалақысыз қарсы аламыз ба деп отыр. Өйткені жұмыс басталмай тұрып, тірлікті бітіре беріңдер, келісім-шартты сосын жасаймыз деген компания басшылығы ақырында олармен сөйлесуден де қалыпты.

Қарлығаш Ерәлиева, құрылысшы: 

-Менің отбасымдағы үш адам бірге осында жұмыс істейміз. Жолдасым, ұлым, мен. Менің үйіме басқа жақтан кіріс келмейді. Сонда мен қайдан ақша алам?  Бір тиын ақшам жоқ. 

Күзден бері құрғақ уәдеге тойып, қолдарына көк тиын тимеген 100-ге тарта құрылысшы пәтер ақысы мен несиесін төлей алмай, қарызға батқандарын айтуда. Көбі тіпті жүрерге ақшасы болмағандықтан бүгін жиналған әріптестерінің қатарынан көріне алмады. 

Бауыржан Мүсірепбаев, құрылысшы: 

-Балаларымның киімі жоқ. Бала-шаға аш отыр үйде дастарханға тамақ жоқ. 

Ал мектеп құрылысына тапсырыс берген қала әкімдігінің өкілдері ақшаны мердігерлерге толық аударғанбыз дейді. Сондықтан, мән-жәйды білу үшін құрылыс компаниясына барғанымызда, ондағылар есікті іштен жауып алып ашпай қойды. Кейінірек бар жағдайды заңгері түсіндіріп берді
 
Ренат Найынбаев, «Жилстрой 2004» ЖШС заңгері:

-Қазір компанияның есеп-шоты сот арқылы бұғатталған. Сондықтан жұмысшылардың жалақысын бере алмай отырмыз. Бірақ мәселені жақын арада шешеміз. 

Бірақ уәдеген тойған құрылысшылар бұл уәжге сене қойған жоқ. Сол себепті, олар жақын арада қалалық прокуратура мен еңбек инспекциясына шағым түсірмек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде