Әуежайларда тексеріс күшейтілді
Алдағы мереке күндері еліміздің барлық әуежайында және ұшақтарында тексеру шаралары күшейтіледі. Оқыс жайттардан сақ болу үшін Қазаэронавигация мемлекеттік мекемесі желтоқсанның 29-ы мен қаңтардың екісі аралығында күшейтілген тәртіпке көшпек.
Автор: Ербол Тұрымбет
27.12.2018
Яғни мереке күндері әуежайларда төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етіп ақпарат беру үшін кезекшілер қойылмақ. Жолаушыларды тексеру шаралары да күшейтілмек. Қолға ұстаған қалта-құлталары мен жүктері, басқа да пошта арқылы жолданған жүктердің барлығы қатаң тексеріледі. Жекелеген қол жүктерін тексеру шаралары 20 пайызға дейін артады деп жоспарланып отыр. Тіпті әуе кемесінің бортындағы тамақтарға дейін жіті бақылауға алынбақ. Оған қоса, әуежайлардың ішіндегі бейнебақылау жүйелері де күшейтілген тәртіппен жұмыс істейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!