{metadescription}
Алматыда 44 жастағы азамат жұмбақ жағдайда жоғалды 
Алматыда 44 жастағы азамат жұмбақ жағдайда жоғалды 

Алматыда 44 жастағы азамат жұмбақ жағдайда жоғалды 

Оны іздеп табанынан таусылған туысқандары Досжан Әзербаевтан 13 күн бойы бір хабар жоқ дейді. Олардың айтуынша, Досжан желтоқсанның 14-інде досымен бірге Қапшағайға кеткен. Ал қасындағы жолдасы сол күні оны Шаңырақ-1 ықшамауданына әкеліп тастағанын айтыпты. Бірақ, содан бері досы телефонын өшіріп, бізден бой тасалап жүр дейді бауырын іздегендер. 

Көз жасына ерік берген Нұрзия Әзербаева күйеуінен бір хабар күтіп алаңдаулы. Үш баланың әкесі желтоқсанның 14-де досымен бірге Қапшағайға кетіпті. Ал сол күні кешкілік телефон арқылы тілдескен Досжан Әзербаев үйге қайтып келе жатқанын айтқан.  

Нұрзия Әзербаева, Досжанның жұбайы:

-Келетін шығар деп алаңсыз отыра бердім. Сағат 10-11-де хабарласқанымда телефоны сөндірулі тұр.

Алайда содан бері Досжан Әзербаевты көрдім-білдім деген жан табылмаған. Тек бірге жүрген досы оны Шаңырақ-1 ықшамауданына  әкеліп тастағанын айтыпты. Ал із-түссіз жоғалған адамды соңғы рет көрген куәгер бізден қашып жүр дейді туысқандары. 

Ерлан Әзербаев, Досжанның інісі:

- Біздің тілегіміз- Алатау аудандық ішкі істер басқармасы Жақсылықты тауып, жауап алса. Кінәсіз болса келсін Жақсылық. 

Осылайша көңілдеріне күдік ұялағандар Досжанның Алматыға нақты жеткен-жетпегенін білмейміз дейді. Алғашқы бағыт-бағдар бойынша іздемеген жері қалмапты. Бірақ, полицейлер өз ісіне немқұрайлы қарап отыр дейді туысқандары.  

Нұрзия Әзербаева, Досжанның жұбайы:

-Телефонының  қай уақытта сөндіргенін қарап беріңіздерші дедім. Үш күннен кейін Қапшағайда 21:50-де өшкен деп айтып берді. Іздеу салып жатқан жоқ. 

Алайда полицейлер іздестіру шаралары мықтап қолға алынды деп сендіріп отыр. 

Салтанат  Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:

-Бұл азаматтың қолындағы телефоны өшірулі. Қасындағы досының да. Әзербаев Досжанның суреті және оның жеке мәліметі жазылған іздеу қағазы ел арасына таратылды. Мүмкін ол көршілес аудандарда немесе көршілес облыстарда болуы мүмкін деген болжамымыз бар. 

Десек те, жоғалған азаматтың туысқандары бауырлары 13 күн бойы үйінен безетіндей жауапсыз жан емес дейді. Қазір оны іздестіруге еріктілер тобы қосылған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.