{metadescription}
Дариға Назарбаева Қаржы министрлігіндегі әділетсіздік жайлы айтты 
Дариға Назарбаева Қаржы министрлігіндегі әділетсіздік жайлы айтты 

Дариға Назарбаева Қаржы министрлігіндегі әділетсіздік жайлы айтты 

Сенатор Дариға Назарбаева экономикалық тергеушілерді ешбір министрлікке бағынбайтын дербес орган қылуды талап етті.  Өйткені Қаржы министрлігінің  құрамындағы қызметтің әділдігіне қатысты күмән көп.

Бұған себеп жоқ емес. Сенатордың айтуынша, түрлі қаржылық құйтұрқылықтарды анықтауы тиіс тергеушілер, әсіресе, кеденшілер мен салықшылардың былығына көз жұма қарап, қамқорлық жасауы мүмкін. Өйткені бұлардың барлығы бір министрлікте істеген соң, бір-бірінің заңсыздықтарын жасырып қалуы ықтимал дейді Дариға Назарбаева. Сол үшін Экономикалық тергеу қызметін шұғыл түрде Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің құрамынан шығарып, тәуелсіз орган  қылу қажеттігін айтады.

Дариға Назарбаева, Сенат депутаты:

-Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша ең көп жемқорлық дерегі кеденшілер мен салықшылар арасында кездеседі. Бұлар Қаржы министрлігіне қарайды. Оның үстіне осы ведомствоға парақорларды анықтауы тиіс Экономикалық қызмет те кіреді. Сонда олар өз-өздерін тексеріп, жазалай ма? Бұлай болмауы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.