Көлікте қатып қала жаздаған жолаушылар құтқарылды
Қарағанды облысында тас жолда сынған көлікте қатып қала жаздаған жолаушылар құтқарылды. Астанадан Шымкентке бағыт алған автобустағы 45 адам Сарышағандағы темір жол вокзалына жеткізілген.
Автор: Саят Сабдалы
27.12.2018
Өзге өңірлердің де құтқарушылары жанталасқан жұмыс тәртібіне көшкен. Батыс Қазақстан облысында қатты бораннан түнде тас жолдар жабылды. Бірақ, ескертулерді елемей жолға шығып кеткендер, төтеншелеліктерді әбігерге салды. Жолдан тайған бірнеше жеңіл және жүк көліктерін сүйреп шығаруға тура келді. Зардап шеккендер жоқ. Батыстағы осындай ауа райы тағы бірнеше күн сақталады деп болжануда. Сондықтан алдағы мереке күндері де қозғалысқа шектеу қойылуы мүмкін.
Ақылбек Ахметжанов БҚО ТЖД бастығының орныбасары:
-Жауған қардың қарқынына байланысты жол тазалаушылар үлгермей жатыр. Техникаларының саны да аз деуге болады. Сондықтан тазалаық жұмыстарын жүргізу үшін де жолдарды жабуға мәжбүрміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!