Атырауда балықтардың қырылуын анықтау үшін шетелден маман тартылуы мүмкін
Атырауда балықтардың жаппай қырылуын нақты анықтау үшін шетелден маман шақырту керек. Бүгін сенаторлар осындай бастама көтерді.
Автор: Досжан Маратұлы
27.12.2018
Сәрсенбай Еңсегенов, Сенат депутаты:
-Салааралық комиссия жұмысын ашық жүргізу, ғылыми, қоғамдық экологиялық ұйымдарды, шетел мамандарын кеңінен тарту мәселені жан-жақты зерттеуді қамтамасыз етеді. Өйтпесе, уланған балықтар өзеннің экологиясы мен басқа су жануарларына зиян тигізуі мүмкін.
Жалпы Жайық өзеніндегі алабұға, торман, қылышбалықтар өткен аптаның басында қырыла бастаған. Қазір оларды жинау жұмыстары жалғасуда. Оның үстіне бірнеше күн бұрын Атыраудағы бекіре өсірумен айналысатын зауыттың 30 мыңға жуық құнды балығы да қырылған еді. Кәсіпкерлерге келген шығын шамамен 300 миллион теңге. Болжам бойынша, су жәндіктерінің өлуіне аммиак себеп. Оны суға төгуі мүмкін делінген үш мекемеге қатысты тексерістер жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!