{metadescription}
Қарағандыдағы жалғыз тұщы су қоймасына кәріз суы ағып жатыр 
Қарағандыдағы жалғыз тұщы су қоймасына кәріз суы ағып жатыр 

Қарағандыдағы жалғыз тұщы су қоймасына кәріз суы ағып жатыр 

Мұны алғаш балықшылар байқаған. Өйткені соңғы кездері олардың қармағына балық түсуін қойыпты. Кейіннен су қоймасының бір тұсынан сасық судың құйылып жатқаны анықталған. Мұны арнайы мамандардың тексерісі де растады.

Игорь Евдокимов жас күнінен осы су қоймасында балық аулайды. Әсіресе қыста жиі келеді екен. Ол кейінгі уақытта қармаққа  балық ілінуді қойғанын айтады. Қасындағылардан судың ластанып жатқанын естісе де, алғашында мән бермепті. Кейін қоймаға сасыған лас судың құйылып жатқан жерін өзі де тауыпты.

Игорь Евдокимов Қарағанды қаласының тұрғыны:

-Біз кәріз сулары ағып жатқан құбырды таптық. Ол арнайы су қоймасына бағытталған арыққа қар түскенге дейін көмілген екен. Әдейі, ұқыптап істелгені байқалады. Содан да болар қоймада балық қалмағаны. Мына су жаздан бері ағып тұрса, балақ атаулы қырылып қалмасына кепіл жоқ.

Экологтардың айтуынша тұшы су қоймасына кәріз суын ағызу табиғатпен қоса, адамға жасалған қастандық. Өйткені бұл жер күн жылыда бүкіл Қарағанды жұртының демалатын орыны. Ыстықта ойын баласы судан шықпайды. Жұқпалы аурудың ошағына айналса, арты жақсы болмайды дейді.

Дмитрий Калмыков эколог:

-Кәріз суымен миллардтаған ауру қоздырғыш бактериалыр суға түсті. Жазда тұрғындардың көбі ыстықтан осы су қоймасын паналайды. Инфекциялық аурулар таралатын болса оны тоқтату оңайға соқпайды. Балықтың да қырылып қалуы мүмкін дегенге өз басым толық келісемін. 

Ал, бұны естіген мамандар, шұғыл тексеріс жүргізіп, кәріз суларының қайдан келіп жатқанын анықтаған.

Руслан Төлепбаев Қарағанды облыстық табиғи ресурстарды пайдалану басқармасының басшысы:

-«ИП Дугиевқа» тексеру нәтижесі бойынша әкімшілік айыппұл салынады. Сол жерге заглушқа қойылып, су қоймасына да, жерге де ешқандай кәріз сулары  ағып жатқан ахуал жоқ.

-Бүгін ғана бітелген құбыр су қоймасының жағасында ғимараты орналасқан жеке кәсіпкерге тиесілі екен. Кезінде ол орталық кәріс құбырына заңсыз қосылып алғанға ұқсайды. Кейін жұмысын жүргізе алмай ісін тастап кеткеннен соң құбырдың жартысы талан-таражға түсіп мына жерде тесік пайда болады. Ал осы күндері орталық кәріз құбырындағы көтерілген су кейін қарай ағып, сасық су су қоймасына қарай беп алып жатыпты.

Осылайша, биліктегілер мен кәріз құбырына иелік ететін компания бар бәлені жеке кәсіпкерге артып отыр. Оны тауып алып сотқа да бермек. Ал қоймадағы судың құрамынан сынамалар алынып, одан қаншалықты қауіп барын сараптама анықтайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.