{metadescription}
Азаматтардың алиментке төлейтін ақшасын банктер бұғаттай алмайды 
Азаматтардың алиментке төлейтін ақшасын банктер бұғаттай алмайды 

Азаматтардың алиментке төлейтін ақшасын банктер бұғаттай алмайды 

Егер ер адамның  несие немесе  ипотекалық берешегі болса, қаржы ұйымы оның жеке шотын шектейді. Бірақ бала-шағасына ай сайын беріп отырған теңгеге тиіспейді. Бүгін Сенат осындай  жаңа заң жобасын қабылдады. 

Марат Бекетаев, Әділет министрі:

-Қазіргідей клиенттің шотын мүлдем жауып тастаса, адам алиментті төлей алмай қалады. Себебі, азаматтың банкке қарызы бар. Жаңа заң осы кемшілікті жояды. Енді банк оның шотын бұғаттағанымен, алиментке арналған соманы ашық қалдырады.

Мәселен, егер азаматтың жалақысы 150 мың теңге болса, шот бұғатталған кезде алиментке қажет 30 мың теңгеге тиіспейді. Сонда азаматтың қанша қарызы болса да балаларына ай сайынғы берешегін еш кедергісіз  төлейді.  Бұған дейін банктер шотты мүлдем жауып тастайтын.  Соңғы кезде несиесін төлей алмағаны үшін еңбекақысы түсетін  шоты бұғатталған әкелердің саны көбейіп кеткен. Сондықтан Үкімет осындай шара қолдануға мәжбүр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.