«Qazaq Banki» салымшыларына өтемақы бере бастады
Төрт ай бұрын лицензиясынан айрылған қаржы ұйымының клиентеріне ВТБ банкі ақша таратып жатыр.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
27.12.2018
Арман Абылайхан, банктің аймақтық директоры:
-Осы үш күннің ішінде 9 млрд теңге шамасында 2 мың клиентке төлемдер берілді. Барлық «Qazaq Bankі» салымшыларына төлемдер 2018 жылдың 12 желтоқсанның теңге бағамы бойынша беріледі. Өз қаражаттарын алмаған салымшыларға басқа адамның көмегіне жүгініп, алаяқтарға кезігіп қалмауды ескертеміз.
Ал Qazaq Bankiнің клиенттеріне жалпы мөлшері 20 миллиард теңгеден астам қаржы қайтарылуы тиіс. Салымшыларға кепілді өтемақы төлеу белгіленген тәртіп бойынша ғана жүргізіледі. Яғни шетел валютасындағы депозиттер бойынша ақша теңгемен қайтарылады. Сондай-ақ, клиенттер тек қана төл ақшамен 10 миллион, шетел валютасымен 5 миллион теңгеге дейінгі депозитін еш кедергісіз қайтарып алады. Айта кетейік, бұл төлем алдағы жылдың 24 маусымына дейін жалғасады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!