{metadescription}
Жаңа 2019 жылдан не күтеміз?
Жаңа 2019 жылдан не күтеміз?

Жаңа 2019 жылдан не күтеміз?

Доңыз жылы елімізге қандай өзгерістер әкелмек? Болашақты болжаушылардың сөзіне сенсек, бұл жыл табысты әрі жемісті болмақ. Әсіресе, нумерологтар «2019 - қайғылы оқиғаларға толы болған былтырғы жылдан әлдеқайда тыныш болады» деп сендіріп отыр.

«Доңыз жылы дүниелі» деп қазақ бекер айтпаған. Өйткені астрологтардың айтуынша, келе жатқан 2019 жыл еліміз үшін берекелі болмақ. Әсіресе, кәсіпкерлер мен құрылысшылардың айы оңынан туады.

Назира Көшек, астролог, нумеролог:

- Бизнесмендерге жақсы жыл болдаы, үлкен компанияларға, мұнайда жүрген кісілерде, жер мәселесін шешетін, құрылыстарға жүретіндерге өте жақсы болады.

Кеткелі тұрған ит жылының жағымсыз жәйттерге толы болғанын ұмытпаймыз. Жұлдызшылар биыл ортамыз ортайса да келер жылы демографиялық өсім болатынын айтуда.

Назира Көшек, астролог, нумеролог:

- 2019 жылы Қазақстанда демография өседі. Отбасылар көбейеді, жастар шаңырақ құрады. Шілде уақытында отбасын құруға жақсы жетінші ай, сонда ол тұрақты берекелі отбасы болады.

Сондай-ақ алдағы жылды туған-туыстың ортасында қарсы алған жөн. Жаңа жыл түні сары-қоңыр немесе қызғылт түстерді таңдаған дұрыс. Әрі сары түсті дастархан жайып, тауық, сиыр етінен жасалған тағамдарды қойғаныңыз абзал. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде