{metadescription}
17 жастағы алматылық студенттің өмірі түбегейлі өзгерді
17 жастағы алматылық студенттің өмірі түбегейлі өзгерді

17 жастағы алматылық студенттің өмірі түбегейлі өзгерді

Енді бала кезінен бет перде киюге мәжбүр Алмагүл Жолдасова жаңа жылды ерекше қарсы алмақ. Себебі, ол жараның кесірінен мұрынынан айырылған болатын. Ал екі мәрте жасалған отаның арқасында  бойжеткеннің мұрны толықтай қалпына келді.                                                 

Алмагүл Жолдасова, Алматы қаласының тұрғыны:

-Өзімді жақсы сезінемін. Бірте-бірте отаның орны жазылып келеді. Болашақта сән ательесін ашқым келеді.  Отбасыма көмектессем деймін. Жаңа жылды әдемі қалпымда қарсы алатыныма қатты қуаныштымын.

Алмагүл Жолдасова туа сала гемангиома, яғни қан тамыр ісігі дертіне шалдыққан. Алғашында мұрынға шыққан жара бара-бара оның танауынан түк қалдырмайды. Соның кесірінен бетпердемен жүруге мәжбүр болған қызға 2012 жылы ота жасалған. Ол кезде мұрынның ішкі қуысын қалпына келтірген дәрігерлер биылғы қыркүйекте сыртқы пішінін дұрыстауға бел шеше кіріскен болатын. Одан кейінгі екінші операция сәтті өтті дейді ақ халаттылар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде