Жаңа жыл түнінде -40 градус аяз тұрмақ
Жаңа жыл мерекесі түнінде Орталық, Шығыс және Солтүстік Қазақстанда 40 градус аяз тұрмақ.
Автор: Саят Сабдалы
28.12.2018
Оған дейін бұл өңірлерде күннің көзі көрінгенімен, қалың қар жауып, боран болады делініп отыр. Ал дәл 31-ші желтоқсанда кешке қарай аяз күшіне ене бастайды. Түнде минус 25-30 гарусқа дейін төмендеуі ықтимал. Солтүстікте 38-ге дейін барады. Ал Шығыс Қазақстанда тіпті қаңтардың 2-сі нейін минус 40 градусқа дейін суытса, елдің оңтүстік өңірлерінде қар түсіп, көктайғақ болады. Мерекелік күндерде ауа температурасы 3 тен 20 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Батыс жақта ауа райының шектен шығатындай құбылысы байқалмайды дейді метеорологтар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!