{metadescription}
Таразда ішімдікке сылқия тойған азамат көршілерін дүрліктірді
Таразда ішімдікке сылқия тойған азамат көршілерін дүрліктірді

Таразда ішімдікке сылқия тойған азамат көршілерін дүрліктірді

Үйінде жатып, ғимаратқа «бомба қойылды» деп құзырлы орынға қоңырау соққан маскүнемнің кесірінен бес қабатты үй тұрғындары тегіс далаға қашып шығуға мәжбүр болды.

Таң алакеуімнен 250 адам сыртта 3 сағат бойы дірдектеп тұрды. Оның 50-і балалар. Ақпараттың рас өтірігіне көз жеткізе алмаған күштік құрылымдар нысанды айналдыра тінтіп шықты. Бірақ жарылғыш затың жұрнағын да таппады. Ал жұртты шошытқан 37 жастағы азамат сол үйдің тұрғыны. Оның пәтерінде қолына кісен салынды. Енді ол бұл әрекеті үшін 5 жылға дейін түрмеге жабылуы әбден мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде