Елімізде енді көкөністердің құны қымбаттап жатыр
Мәселен, Energyprom сараптау агенттігі келтірген дерекке сай қияр бағасы желтоқсанда 50 пайызға дейін өсіп кеткен.
Автор: Досжан Маратұлы
28.12.2018
Қияр мен қызанақтың құны өткен аймен салыстырғанда бір жарым есеге қымбаттаған. Бірақ, баға әр өңірде әртүрлі. Оңтүстікте қиярдың келісі 600-ден сатылса, солтүстікте 1200 теңгеден басталады. Әрі орамжапырақ пен картоптың да құны 18 пайызға өскен. Сондай-ақ, балық пен тауық етін де енді әлдеқайда қымбатқа сатып алуға тура келеді. Ауыл шаруашылығы министрлігі бағаның аспандауына көкөністердің маусымдық тапшылығы мен жанармай құнының өсуі сондай-ақ, аяз себеп дейді.
Ақпар Мәуленов, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы департаменті директорының орынбасары:
- Аяз кезінде көкөністерді камазға тиеп, тасымалдай алмайсың. Үсіп қалады. Сондықтан негізінен Түркістан облысында өсірілетін қиярды өңірлерге жеткізу қиындық тудырып отыр. Сол үшін тапшылық пайда болып, баға өскен болуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!