Алматы тұрғындары үшін тариф қаншаға арзандайды?
Алматы облысы мен қаласының тұрғындары жарыққа енді әдеттегіден аз төлейтін болды. Өйткені, 1-қаңтардан бастап баға арзандайды.
Автор: Аруна Ортай
28.12.2018
Қазір электр қуатының 1 киловаты, салықты қоспағанда, 16 теңге 36 тиын. Бұл баға үш күннен кейін төмендейді. Атап айтқанда, тариф 15 теңге 90 тиын болады. Яғни, 51 тиынға арзандайды деп мәлімдеді «АлматыЭнергосбыт» мекемесіндегілер. Бірақ түбіртектегі баға 17 теңге 81 тиын болады. Себебі, салық қосылады. Шамамен 1 отбасы айына 150-200 теңге, ал жылына 2-3 мың теңге үнемдейді. Тарифтің төмендеуіне жарық өндіруші компаниялардың тәубесіне келуі себеп болған. Естеріңізге салсақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жарық пен жылу бағасын бетімен жіберген мекемелерді қатаң сынға алған болатын. Нәтижесінде, коммуналдық қызмет ақылары бірінен соң бірі арзандай бастады.
Ерлан Жарлықасымов, «АлматыЭнергосбыт» ЖШС бас директоры:
-1-ші қаңтардан бастап қызметіміздің ақысын төмендетіп жатырмыз. Яғни тұрғындар бұдан былай жарыққа 15 теңге 90 тиын, салықпен есептегенде 17 теңге 81 теңге төлейтін болды. Арзандатылған баға жылдың соңына дейін сақталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!