Бишімбаев қоныс колониясына ауысқысы келеді
Бұрынғы Ұлттық экономика министрі жазасын жеңілдеткісі келеді. Қуандық Бишімбаевтың қорғаушылары түсірген өтініш Түркістан облысының Төлеби аудандық сотында қаралып жатыр.
Автор: Бек Әбиев
28.12.2018
Министр кезінен шаш үлгісі өзгермеген Қуандық Бишімбаевтың түрмеден келгенін киімінен ғана аңғаруға болады. Пара алып, мемлекет қаржысын жымқырды деп сотталған ол, 7 айдан бері Шымкенттен 40 шақырым жердегі қатаң тәртіптегі колонияда жазасын өтеп жатыр. Биыл шілдеде шыққан заңды негізге алған экс-министр, енді қалған жазасын қоныс колониясында өткізгісі келеді. Онлайн-режимдегі сот процессіне айдауылмен жеткізілген Бишімбаев, сөз ала сала адвокатымен кездесуге рұқсат сұрады. Бишімбаевтың өтінішін қанағатандырған судья сот отырысын кейінге қалдырды. Ал, үкім ертең шығарылады деп күтілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!