{metadescription}
Атырауда қырылған бекірелердің жалпы көлемі 17 тоннаға жуықтады
Атырауда қырылған бекірелердің жалпы көлемі 17 тоннаға жуықтады

Атырауда қырылған бекірелердің жалпы көлемі 17 тоннаға жуықтады

Мамандар бұл көрсеткіштің әлі де көбейе түсуі мүмкін деп отыр. Өйткені, зауыттағы бекірелер ұсталатын 200-ге жуық торлы бағамдардың барлығы әлі ашылып болмапты. Ал, экологтар болса қара және құнды балықтардың қырылуына себепші болуы мүмкін деген күдікке ілінген 4 мекеменің біреуіне қатысты тексерісті аяқтады. Ендігі кезекте тағы үш кәсіпорын бар.

Бұл Атырауда төрт жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Луговой жылқы зауыты» серіктестігінің жергілікті филиалындағы қазіргі жағдай. Төтеден келген белгісіз кесел 3-7 жылдық бекірелерді баудай түсірген.

- Бекіре өсірушілердің 8 күннен бергі тірліктері осы. Олар күніне 4 бағымдағы өліп қалған бекірелерді сүзіп алып, текшелеп жинаумен айналысуда. Зауыт қызметкерлерінің айтуынша, осындағы 200-ге жуық бағымды түгелдей ашып шығу үшін кем дегенде айға жуық уақыт керек.

Бұл бағымдарда Жамбыл облысынан арнайы әкелінген 36 мың дана тауарлы бекіре өсіріледі. Яғни, қара уылдырық пен құнды балықтың еті сыртқы сатылымға шығарылады деп жоспарланған. Енді бұл бастаманың жоспар күйінде қалатын түрі бар.

Руслан Досәлиев, бекіре балығын өсіру зауытының ихтиологы:

- Қазіргі кезде 200 бағымның тек 32-сін аршыдық. Олардан шығарылған балықтардың салмағы 16 тонна 132 келі. Яғни, 3600 балық өлді деген сөз. Араларында тірілері де бар, аман шыққаны 150 дана ғана. Зауыт жабылып қалмай, әрі қарай жұмысын жалғастырып, жоспарымызды орындайтындығымызға сенгім келеді.

Айға жуық уақыт өткенде балық қырылуын тексеру мақсатында құрылған салааралық комиссияның алғашқы қорытындысы жария етті. Облыстық экология департаментінің айтуынша, Жайықты ластауы мүмкін деген мекемелердің бірі – Атырау су арнасы екен.

Атырау облыстық Экология Департаменті:

«Мекеменің Жайық өзеніне су ағызатын нүктесінен сынама алынып, онда хлоридтің рұқсат етілген шамадан  400 еседей көп екендігі анықталды. Яғни, кәсіпорын Экологиялық Кодекстің 225-бабының 4-тармағындағы талапты бұзып отыр. Қазір «Атырау Су Арнасына» қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 328-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды».

Бірақ, мұнымен екінші тарап келіспейді. Олар хлоридтің ауа мен жерасты суларының қосылысынан да түзілетіндігін айтуда.

Айгүл Арыстанова, «Атырау Су Арнасы» КМК бас технологы:

- Біз мүлде келіспейміз мұндай шешіммен. Хлорид деген тұз ерітіндісі ғой. Мейлі, ол көрсеткіштен бірнеше есе көп болса да, 18 миллион текше метр су үшін 13 000 тонна хлорид керек болады. Сондықтан балық содан өліп жатыр деу – негізсіз.

Ендігі кезекте - «Атырау жылу электр орталығымен» бекіре өсірумен айналысатын қос зауыт тұр. Әзірге қырылған қара балықтардан келген шығын 4 миллион теңгеден асқан. Балық қорына келген залал туралы анықтама қылмыстық іс материалдарына қосу үшін полиция департаментіне жолданды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде