{metadescription}
«Астана Банкін» мәжбүрлі түрде тарату мәселесі қаңтарда шешілуі мүмкін
«Астана Банкін» мәжбүрлі түрде тарату мәселесі қаңтарда шешілуі мүмкін

«Астана Банкін» мәжбүрлі түрде тарату мәселесі қаңтарда шешілуі мүмкін

Себебі 9 адамнан сотқа апелляциялық шағым түскен. Бірақ  оны қарастыруды екі айға созбай-ақ қаңтардың тоғызында тыңдалым өтпек. Егер қаржылық ұйымды тарату туралы шешім өзгеріссіз қалса салымшыларға ақшалары төлене бермек.

Сондықтан Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры халықты сабырға шақырып отыр. Айтуларынша, қандай жағдай болмасын Астана Банкінің 275 мың салымшысы өз қаржысын қайтарып алады. Оларға төленетін жалпы сомма 37,3 миллиард теңге. Тіпті, бұл сомманың қай банк арқылы өтелетіні де анықталып қойған екен. Естеріңізге сала кетейік, Астана Банкінің басына қара бұлт мамыр айында төне бастаған еді. Алғашында олар салымшыларына қолма қол ақша бере алмай сандалтса. Кейін Ұлттық банк мүлдем қаржылық операциялар жасауына тиым салды. Тағы бірнеше айдан соң қаржылық ұйым лицензиясынан айырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде