{metadescription}
Клиенттен құр қаламын деп жол апатына себепкер болды ма?
Клиенттен құр қаламын деп жол апатына себепкер болды ма?

Клиенттен құр қаламын деп жол апатына себепкер болды ма?

Алматыда жаяу жүргіншілер жолағында тұрып такси ұстаған әйелді мінгізбек болғанда жанында келе жатқан машиналар оған жол бергелі жатыр екен деп қоса тоқтаған көрінеді. Салдарынан артында келе жатқан 3 жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысып, 2 адам жараланды. 

Дмитрий Ким, №7 қалалық клиникалық ауруханасының травматолог-дәрігері:

-Жол-көлік оқиғасына тап болған екі адамға шұғыл түрде көмек көрсетілді. Көлік жүргізген ер адамды тексердік. Еш жері сынбаған. Амбулаториялық бақылауда болады.

Автобустағы жолаушылар дін аман. Куәгерлердің айтуынша, орта жастағы  келіншек арнайы жолақтың бойына шығып таксиге  мінбек болған. Жеңіл автокөліктің бірі тәртіп бойынша оны өткізу үшін тоқтайды.  Сол сәтте артта келе жатқан 2 жеңіл машина мен 128-ші  бағыттағы қоғамдық көлік бірінің  артынан бірі келіп соғылған. Жүргізушілер  жол апатына бір-бірін өзара кінәлап әлек. Әр тараптың айтар уәжі бар.  Нақты кінәлі сотта анықталмақ.                         

Ирина Криворучко, зардап шегуші:

-Алдымызда келе жатқан жүргізуші такси тоқтатпақ болған әйелді жолды кесіп өтеді деп ойлаған. Сол кезде  тізілген көліктер бір-біріне соғылды. Негізі ең соңындағы автобус жылдамдығын арттырмағанда қатты соққы алмас едік.                                                                                                                                                                                 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде