Атырау облысында жол бойында жүк көлігі өртеніп кетті
Оқиға түн ортасында республикалық Атырау-Астрахань тас жолында болған.
Автор: Жанар Низамутдинова
03.01.2019
«Даф» маркілі фура Белорусьтан Ташкентке тауар апара жатқан екен. Исатай ауданына қарасты Тұщықұдық ауылы маңында болған жайтты куәгерлер ұялы телеонға түсіріп алыпты. Оған қарағанда, жүргізушінің басын қатерге тігіп, өртеніп келе жатқан көлікті жол бойынан алысыраққа тоқтатпаққа тырысқанын көруге болады. Құтқарушылардың айтуынша, өртке электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болыпты. Қазір келген шығын көлемі анықталып жатыр.
Аслан Камалов, Атырау облыстық ТЖД бас маманы:
- 2002 жылы шыққан ДАФ жүк автокөлігінің және жүк салғыш бөлігінде орналасқан 2 тонна мақта мен жіптердің толықтай жануы болды. Өртті сөндіруге Исатай ауданының 6-шы өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!