{metadescription}
Алматыда ұрының өтірігі әшкере болды
Алматыда ұрының өтірігі әшкере болды

Алматыда ұрының өтірігі әшкере болды

Ұры ғана емес, өтірікші де екен! Алматыда ауру баласының еміне қаражат табу үшін ұрлыққа бардым деген жігіттің сөзі жалған боп шықты. Өзбекстан азаматы қаланың қақ ортасында қызға күш көрсетіп, қымбат ұялы телефонын тартып алған болатын.   

Ұрының бір жарым жастағы баласы бары рас. Бірақ, сәби сырқат емес. Сап-сау, анасымен бірге Өзбекстанда тұрып жатыр. Айфон ұрлап, полицияға ұсталып қалған жігіт ауру ұлын алға тартқан болатын. Емге ақша керек болған соң, амалсыздан қылмысқа бардым деп ақталған еді. Алайда, көп кешікпей оның өтірігі ашылып қалды. Оған сеніп қалған жұрт жігітті жөніне жіберуді сұраған. Тіпті, жаны ашып, қаржылай көмек те ұсынған. Ал «балам ауру» деп жалған сөйлеген ұры енді тағы басқа сылтау ойлап тауыпты.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі:

- Ақша не үшін керек болды деген сұраққа «ауылыма қайту үшін» деп жауап берді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде