{metadescription}
Астанада жойқын жарылыстан зардап шеккен тұрғындар көмек сұрады
Астанада жойқын жарылыстан зардап шеккен тұрғындар көмек сұрады

Астанада жойқын жарылыстан зардап шеккен тұрғындар көмек сұрады

Астанада жойқын жарылысқа жол берген жеке компанияға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қала шетінде көгілдір отын сатып келген жеке серіктестіктің газ толы цистернасының кеше күлі көкке ұшқан еді. Жарылыстың қатты болғаны сонша қарсы беттегі Ауыл шаруашылығы министрлігі жатақханасының терезесіне  дейін қираған. Құдай сақтап адам шығыны жоқ. 

Бұл жойқын жарылыстан бірнеше секунд бұрын түсірілген видео. Мұнда әлдекім газ резервуарынан алапат өрт шыққанын айтып, байбалам салып жатқаны сол еді. Көгілдір отын толы цистернаның күлі көкке ұшты.

- Масқара, сұмдық! Қашыңдар!

Мерекені тойлап, тым-тырыс жатқан жұрттың зәресін алған Астана шетіндегі газ резервуарларының бірі. Қазір астаң-кестеңі шыққан жерде жерде жеке фирма газ баллондарын ақшаға толтырып, тұрғындарға сатып келген. Қайта өрт шыққан бойда ондағы адамдар қауіпсіз жерге қашып үлгеріпті. Десе де, жарылыстың қатты болғаны сонша, қарсы бетте 150 метр қашықтықта орналасқан жатақхананың терезелеріне дейін сынып кеткен.

Аян Сұрағанова, Астана қаласының тұрғыны:

- Жарық  сөніп қалды. Терезе сынып қалды. Қорыққаннан баламыз екеуіміз коридорға шығып кеттік.

Осылайша жарылыстан ондаған пәтердің шынысы қираған. Тұрғындар аяздан қорғану үшін терезені көрпелермен жапқанымен, пайда жоқ. Бөлмелер тастай суық. Ал 100-ге жуық отбасы тұратын жатақхана Ауыл шаруашылығы министрлігіне тиесілі. Оның үстіне жарылған резервуар да осы ведомстваға қарасты Қазақ ғылыми зерттеу институтының аумағында орналасқан екен. Өйткені, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын институт жер телімін коммерциялық мақсатта пайдаланып, жеке серіктестікке жалға беріп келген. Сондықтан ғылыми институт өкілдері  төтенше жағдайға солар жауап беруі керек дейді.

- Жалға алушылар жауап берсін. Өрт қауіпсіздігіне солар басымен жауапты. Жауапкершілік алған. Солардан сұраңдар.

Дегенмен, жауап беруі тиіс компания өкілдері жер жұтқандай жоқ. Олардың резервуар ұстап, ғылыми зерттеу институтының аумағынан газ сатуға кімнің рұқсат бергені де түсініксіз. Мұны полицейлер анықтауы тиіс.

Ал төтенше жағдай қызметкерлері жарылыстың себептерін іздеуге кірісті.

Аягөз Фазылова, Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Жергілікті полиция департаментінде тергеу жүріп жатыр. Зардап шеккендер мен опат болғандар жоқ.

Сондай-ақ, өрттің шығу себептерімен қоса шығын көлемі де анықталуда. Оны тұрғындарға көгілдір отын сатумен айналысқан кәсіпкер өндіріп беруі тиіс.  Қазір осы жеке серіктестікке өртке қарсы талаптарды бұзды деген баппен қылмыстық іс қозғалған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.