{metadescription}
Денис Тенді пышақтамас бұрын қаскөйлер марқұмды белдікпен сабаған
Денис Тенді пышақтамас бұрын қаскөйлер марқұмды белдікпен сабаған

Денис Тенді пышақтамас бұрын қаскөйлер марқұмды белдікпен сабаған

Олимпиада жүлдегерінің өліміне қатысты сотта айыптау актісін прокурор: күдікті Арман Құдайбергенов әйгілі спортшының бетінен шалбарының белдігімен ұрғылаған, - деді. Жол-жөнекей пышақ сатып алып, Қиясов екеуі қылмысқа тыңғылықты дайындалып шыққан. Бұл дәйектерге қарамастан, үш сотталушы да қылмысқа ешқандай қатысымыз жоқ деп ақталды. Сондай-ақ, бүгінгі отырыста айыпталушылардан зардап шеккен өзге де көліктің иелері материалдық шығын талап етті.

Денис Теннің өліміне қатысты өткен сот талқылауы прокурордың айыптау актісін оқуымен басталды. Мемлекеттік айыптаушының мәліметінше, күдікті Арман Құдайбергенов әйгілі спортшыны белдікпен бетінен ұрып, одан соң Нұралы Қиясов пышақ сұққан. Тіпті, үшеуі сауда үйінен алдын ала ас үй пышағы пен қолғап сатып алыпты. Ал Толыбаева ұрлық сәтінде 7 метр ара қашықтықтан сол аумақты бақылап тұрған деседі.

Қуандық Досов, мемлекеттік айыптаушы:

-Тен мен Құдайбергенов арасында  төбелес басталып кеткен. Ол шалбарындағы темір белдігін алып, Теннің бет тұсынан соққы жұмсаған. Қиясов өздерінің қылмысын жасыру мақсатында адам өлтіру қылмыстық ой пиғылы пайда болған. Құдайбергенов Тенді ұстап тұрады. Сол кезде Қиясов Денис Теннің оң жақ санының артериясының жоғарғы тұсынан екі рет пышақ сұққан.

Әу баста бет-жүздерін көрсетуге қарсы болған айыпталушылар бүгін тағылған айыппен келіспейтіндерін ашық айтты. Әсіресе, Нұралы Қиясов қылмысқа еш қатысымыз жоқ деп ақталып әлек.

-Мойындамаймын.

-Қарақшылық жасаған жоқсыз. Адам өлтірген жоқсыз. Дұрыс па?

-Иә.

Құрсағында жеті айлық сәбиі бар күдікті Жанар Толыбаева судьядан қылмыстық баптарды ауыстыруды өтінді. Өйткені ол жанындағы сыбайластарының қылмыс жасайтынын білмепті-міс.

-434-бапты да мойындамаймын. Себебі, мен пышақ салып жатқанын көрген жоқпын.

Тек Арман Құдайбергенов айна ұрлағанымды жасырмаймын деп батыл жауап берді. Алайда, ол Денис Тенді өлтіруді жоспарламағанын айтады. Расымен де, темір тұлпардың айналарын қолды қылу Құдайбергеновтың негізгі кәсібі ме деп қаласың. Себебі, сот процессінде осы күдіктіден зардап шеккен алматылық Ермек Жаңғабаевтан да жауап алынды. Денис Теннің өлімінен бір ай бұрын оның да көлігінің айнасын Құдайбергенов ұрлаған. Енді жәбірленуші 410 мың теңгеге шығынға баттым деп отыр.

Ермек Жаңғабаева, жәбірленуші:

-Мен ұрылардан мезі болдым. Айнам да қымбат тұрады. Сондықтан Құдайбергеновты кешірмеймін. Қолымен істегенді, мойнымен көтерсін. Амалдың жоқтығынан мүлдем басқа көліктің айналарын салдым.

Сондай-ақ, сотта Құдайбергеновтен жапа шеккен Астана тұрғыны Сапар Шәмшиев пен ұрыны жібере салған полицейлер елордадан видеобайланыс арқылы жауап берді.

Шәмшиев тәртіп сақшылары өз жұмыстарына ат үсті қарағанына қапа болып,  600 мың теңге көлемінде шығын келгенін айтты. 19-шілде күні Алматыда әйгілі  спортшыны өлтірмей тұрып,  бір апта бұрын оның көлігінің айналары қолды болыпты. Осылайша, айыпталушы Арман Құдайбергеновтың басқа да қылмыстары атуышулы іске тіркелді. Соған сәйкес, жазасы да ауыр болатынын сөзсіз. Айта кетейік, 38 томға арқау болған істе бас-аяғы 26 куәгер бар. Алдағы уақытта барлығынан жауап алынбақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде