{metadescription}
Алматыда танымал актриса көз жұмған көлік рөлінде кімнің отырғаны белгілі болды
Алматыда танымал актриса көз жұмған көлік рөлінде кімнің отырғаны белгілі болды

Алматыда танымал актриса көз жұмған көлік рөлінде кімнің отырғаны белгілі болды

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан аман қалған актриса Айзада Сатыбалдиеваның хәлі әлі де ауыр. Оның алты қабырғасы мен бұғанасы сынып, жансақтау бөлімінде жатыр. Ал Геленвагенмен олар мінген көлікті жаншып өткен 33 жастағы  жүргізуші қазір қамауда. Қайғылы оқиғадан тіл тартпай кеткен актриса Шолпан Елгезекова мен тағы бір келіншектің жақындары жүргізуші әділ жазалануы тиіс дейді.

Жантүршігерлік апат таңғы сағат 5-тер шамасында Сейфуллин мен Абай көшелерінің қиылысында болған. Марқұмдар мен актриса Айзада мінген «Митцубиси» көлігі бағдаршамның жасыл түсіне жүре бастаған сәтте «Геленваген» автокөлігі жанынан жүйіткіп шығып жаншып өтеді. Жол талғамайтын көлік 120 шақырым жылдамдықпен бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамаған. Сөйтіп, жеңіл көлікті қатты соғып қарсы бағытына шығарып тастайды.

-Бұл жер ел арасында «студия» деп аталып кеткен. Өйткені, қиылыстағы қозғалысты төрт жақтан 40-қа жуық камера бақылап тұр. Соған қарамастан, апатқа кінәлі Геленвагеннің жүргізушісі қақтығыстан соң ізін жасырып үлгеріп тек бір күннен кейін табылады.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

-Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Екі немесе одан да көп адамның өлімі бойынша. Бой тасалағаны үшін де жауап береді.

33 жастағы жүргізуші қазір қамауда. Ол сол күні мас күйінде рөлге отырыпты. Ал апаттан тіл тартпай кеткен үш азаматтың бірі актриса Шолпан Елгезекова. Ол биыл шілдеде көрсетілімге шыққан «Шабдалы» фильмінде басты рөлде ойнаған. Сондай-ақ көлікте марқұмның тағы бір құрбысы болыпты. Қатты соққыдан 40 жастағы келіншек те жүргізуші де бірден жан тәсілім еткен. Бір сәтте жақындарынан айырылып, енді бірінің ауруханаға жеткізілгенін естіген Ләззәт Мәлікова сол күнді қорқынышпен еске алады.

Ляззәт Мәлікова, марқұмдардың құрбысы:

-Үш құрбым жаңа жылдық  кештен таксимен  қайтып келе жатқан болатын. Студент кезден  бірге оқығанбыз. Бір күнде барлық құрбымнан айырылу өте ауыр. Қанша адамның өмірін алып кеткен жүргізуші  жазалануы керек. Әділ болуы керек.

Ал апаттан аман қалған актриса Айзада Сатыбалдиеваның жағдайы әлі де ауыр дейді дәрігерлер. Оның сауығып кетуін жамағат болып сұрауда.

Оңласын Ибекенов, Жедел көмек көрсету ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

-Қазіргі таңда жағдайы ауыр. Керекті емін алып жатыр. Қосарланған ауыр жарақат, жабық бас ми жарақаты, соғылуы көптеген қабырғаларының сынуы, травматикалық шок. Әлі реанимация бөлімшесінде.

Ал қайтыс болған Мицубисисдің жүргізушісі коледжде дене шынықтырудан сабақ берген. Түнгі уақытта такси болып, қосымша нәпақа табумен айналысыпты. Үш адамның өмірін жалмаған апатты қазір құзырлы орындар тексеріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде