«Бандамыз» деп құттықтау жолдаған қарағандылық полицей жұмыстан қуылды
Қарағандыдағы өздерін «банда» деп атаған Ішкі Істер министрлігі академиясының қызметкері жұмыстан қуылды. Курсанттарды сапқа тұрғызып жаңа жылдық тілек айтқан оның, өздерін ұйымдасқан қылмыстық топқа теңегені мереке алдында кең тарады.
Автор: Саят Сабдалы
03.01.2019
-Желаю нашей братве процветания до седьмого колена, чтобы наши правнуки пользовались нашими связями. Присоединяюсь к словам Антибиотика. Пусть наша дружба будет бескорыстной. Мы делали проступки просто так, так как мы - братва. Грубо говоря - банда!
Жалынды тілектен соң болашақ полицейлер бір ауыздан «алақайлап», шаттықтарын жасыра алмай тұр. Тауып айтқанына марқайған майордың өзі де мәз. Желіге желдей тараған бейнежазба, ғаламтор пайдаланушыларын біраз айтыстырды. Дегенмен көбі «ұйымдасқан қылмыстық топтың» белсенді мүшесінің айтқанын жақтырмады. Бейнежазбаны Ішкі істер министрілігіндегілер де көріп, Қарағандыға арнайы комиссия жіберген.
Алмас Сәдубаев ҚР ІІМ ресми өкілі:
-Тәртіптік комиссияның шешімімен Қарағанды академиясының 1-курс бастығының орынбасары Тастайбеков теріс қылығы үшін ішкі істер органдарынан шығарылды. Сонымен қатaр оның тікелей бастығы және осы оқу орнының басшылығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!