{metadescription}
Алматы таулары экстрималдардың қызығушылығын арттырмақ
Алматы таулары экстрималдардың қызығушылығын арттырмақ

Алматы таулары экстрималдардың қызығушылығын арттырмақ

«Шымбұлақ» тау-шаңғы кешенінде тек елімізде ғана емес, ТМД аумағында теңдесі жоқ қар паркі ашылды. Енді фристайлды жаны сүйетін шаңғышылардың еркін жаттығуы үшін жол ашылды.

Аумағы мен мүмкіндігі жағынан бұндай құрылғыны кез келген демалыс орнының қалтасы көтере бермейді. Шетелде осындай паркте шеберлігін шыңдау үшін демалушыларға қосымша ақша төлеуге тура келеді, ал бұнда барлығы абонемент құнының ішіне кірген. Жаңа парк тек шаңғы мен сноубордта нық тұратындарға ғана емес, әуесқойларға да қызықты болмақ. Себебі трамплиндер мен арнайы фигуралардың күрделілігі әртүрлі. Осының арқасында наурыз айында әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізу жоспарланып отыр.

Владислав Семенов, «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешені маркетинг бөлімінің жетекшісі:

-Трамплиндер кешені мен джибингтік фигуралар жасалды. Фристайлға қажетті бағыттардың барлығы қамтылған. Арнайы жастықтар әуесқой шаңғышыларға трамплиннен секіруге мүмкіндік береді. Қауіпсіздік шаралары толық сақталған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде