{metadescription}
Нұрлан Қоянбаевтың фильмі прокатта көш бастады
Нұрлан Қоянбаевтың фильмі прокатта көш бастады

Нұрлан Қоянбаевтың фильмі прокатта көш бастады

Қазақша бизнес: Африкада! Осындай атаумен көрерменге жол тартқан комедия соңғы 1 аптада отандық прокатта көш бастап тұр. 27 желтоқсаннан бері кассаларда 280 мыңнан аса билет сатылған. Қарақұрлыққа бизнес жасау үшін барған қазақтардың хикаясы көрерменді несімен баурап алды?

«Бизнес по казахски в Африке» фильмі бұған дейін көптің көңілінен шыққан «Бизнес по казахски» және «Бизнес по казахски в Америке» атты сиквеллдің жалғасы. Туындының сценарийін жазушылар Америкада түсірілген кинодан соң экзотиканы таңдаған. Африка. Менталитеті бөлек құрлық. Тілі мен дәстүрі басқа. Осы жолы актерлар құрамы айтарлықтай өзгермеген. Африкадағы серіктес компания қара нәсілді актерларды іріктеуге көмектескен. Рамазан Амантай аптап ыстықтағы түсірілімнің хикаясын әлі ұмыта алмай жүр.

Рамазан Амантай, актер:

- Шәй плантациясының арасымен қатты жүгіру керек болды. Соны бірнеше мәрте түсірдік. Сол мен үшін ең қиын сахна болды.

Оқиға желісі Біріккен Араб Әмірліктерінде басталып, Кенияның Найроби қаласында өрбиді. Жабайы табиғат, жан-жануарлар әлемі, масай тайпаларының тыныс-тіршілігі - ерекше көріністер. Кения әлемде шай экспорттаудан көшбасшы. Ақшаны емес рухани құндылық, ағайын арасындағы татулық пен ауызбіршілікті насихаттайтын туынды көпшіліктің жоғары бағасын иеленді.

Айкүміс Әбдуәлі, көрермен:               

- Жеңіл,көңілді, уақыт тез-тез өтіп кетеді. Жақындарымызды бағалап жақсы көру керек екенін түсіндіреді.

Абзал Жаңабаев, көрермен:

- Режиссерлерге, продюсерлерге Нұрлан Қоянбаев ағамызға үлкен алғысымды білдіремін. Біздің дамуымызға жол ашып жатқан.  

«Қазтелепродукт» ұсынған соңғы туынды көрерменнен бұрын басты рөлді сомдаған актрисаны да бей-жай қалдырмапты. Гүлнәз Жоланова «Туындының жалғасын күтем» дейді.

Гүлнәз Жоланова, актриса:

- Мен Африкада болған жоқпын. Дубайда 4 күн ғана болдым. Кейіпкерімнің ары қарай дамытатын оқиғалары көп болатын секілді. Сондықтан мен өзім актриса ретінде ойлаймын, сұраймын продюсерлерден.

Ел кинотеатрларында бұрын-соңды болмаған қаржы жинаған қазақша комедия қаңтардың соңына дейін көрсетілмек. Сценарий авторлары келесі жолы көпшілікті немен таңқалдыруы мүмкін? Әзірге, ол жағы құпия. Ал, фильмді кинотеатрлардан соң алғашқы болып көрсету құқығы КТК арнасына тиесілі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде