Елімізде фрилансерлердің бір бөлігі зейнетақы жарнасын төлеуден қайта босатылмақ
Бірақ, заңға енетін өзгерістер келісім-шарт бойынша бір емес, бірнеше жұмысты қатар алып жүргендерге қатысты.
Автор: Досжан Маратұлы
04.01.2019
Қазір мұндай уақытша жұмысшылар әрбір келісім-шарт бойынша тапқан табысының 10 пайызын қорға аударып тұруға міндетті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі енді фрилансерлер үшін жарна төлеуді жеңілдетпек. Яғни, олар барлығынан емес, тек тұрақты бір жұмысынан алған ақшасының оннан бірін жарна ретінде төлесе жеткілікті болмақ. Айта кетейік, түрлі фирма, компанияларға тапсырыс бойынша жалданып жұмыс істейтін барлық фрилансерлерді зейнетақы қорына ақша аударуға міндеттейтін заң жарты жыл бұрын қабылданған еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!